Қазақстанда ЖОО-на тиеселі жерлер қайтарылып жатыр ма – министрлік жауабы

Фото: topuniversities.com
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «ЖОО-на тиеселі жерлер кәсіпкерлерге заңсыз сатылып кетті» деген қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Nofake.kz.
ҚР ҒЖБМ Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, бүгінде елімізде осындай бірнеше университеттердің жерлері өздеріне қайтарылып жатыр.
«Мысалы «Абай» атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жері қайтарылды, «Әл-Фараби» атындағы Қазақ Ұлттық университетінде осы бағытта жұмыстар жүргізілуде, Қ. Сәтпаев атындағы университетінің де оған тиесілі, бұрын сатылып кеткен жерлері қайтарылып жатыр», — деді ол.
Ведомство өкілі елімізде, әсіресе үлкен қалаларда бұл мәселе өзекті екенін растады.
«Бұл жерде тек қана жатақхана құрылымдарын ғана емес, аудиторияларды да жақсартуымыз керек. Бүгінгі заманға сай лабороторияларды да салуымыз керек. Сондықтан үлкен қалаларда жер мәселесі әрине өзекті. Бірақ бұл бағытта бүгінгі таңда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижелер бар», — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР ҒЖБМ елімізде жатақхана тапшылығы мәселесі бар екенін растаған еді.


