NoFake

Рақымшылық жасау заңына қанша адам ілігеді: депутат жауабы

Фото: Mazhilis.kz

Бүгін ҚР Мәжілісінің кулуарында депутат Абзал Құспан елімізде қанша адамның қылмыстық және әкімшілік істер бойынша рақымшылыққа ілінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Оның айтуынша, рақымшылыққа ілінетін азаматтар арасында әр түрлі санаттағы адамдар бар.

«Қылмыстық істер бойынша 16500 адам іліккелі отыр. Олардың барлығы бірдей бас бостандығынан айырылып отырған азаматтар емес. Олардың ішінде пробациялық бақылауда жүргендер, қамауда отырғандар бар. 5000 шамасында есептеп қойдық. Әкімшілік істер аясында 1,5 млн-ға жуық материалдар. Оның ішінде басым бөлігі ІІМ-нің үлескерлері. ІІМ-нен бұл жерде 1 млн-ға жуық әкімшілік материал. Әкімшілік амнистияға байланысты жалпы айыппұлдан босату көлемі — 21 млрд теңгенің үстінде», — деді ол.

Бұл ретте депутат оның жалпы есеп екенін, көлемі жағынан өзгерістер болуы мүмкін екенін атап өтті. Мәжіліс депутаты сондай-ақ, әкімшілік амниятияға ілігетін азаматтар санын да атап өтті.

«Әкімшілік істер бойынша жекелеген азаматтар бір іс, бірнеше іспен түсіп, айыппұлдарын төлей алмай жүруі мүмкін. Сол себепті, әкімшілік амнистияға 1 млн адам іліккелі отыр», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс Құрылтай туралы заңды қабылдаған еді.

Оқу үшін