NoFake

ЕРДО: Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде жеке заттар тексерілмейді

Фото: depositphotos

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) ресімдеу кезінде азаматтардың жеке заттары тексеріледі екен деген ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Әлеуметтік желілерде бұған дейін учаскелік комиссиялар тұрғылықты жерге барған кезде шкафтарды ашып, жеке заттарды тінтеді және тоңазытқыштың ішін тексереді екен деген хабарламалар тараған болатын. ЕРДО бұл мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ведомствоның түсіндіруінше, учаскелік комиссия тек өтініш берушінің тұрғылықты жеріне барып, тұрмыс жағдайын көзбен көріп бағалауға, тексеру актісін толтыруға және қажет болған жағдайда өтініште көрсетілген мәліметтерді нақтылауға ғана құқылы.

«Учаскелік комиссия өтініш берушінің тұрғылықты жеріне баруға, жағдайды көзбен көріп бағалауға, акт түзуге және қажет болған жағдайда өтініш берушінің өз өтінішінде көрсеткен кейбір мәліметтерін нақтылауға құқылы. Актіде баспананың жалпы жай-күйі, отбасы құрамы және басқа де мәліметтер көрсетіледі», — деп атап өтті Орталықтың Инклюзия саласындағы цифрлық шешімдер департаменті директорының орынбасары Балжан Баяхатова.

Ведомство барлық процедуралар тек өтініш берушінің келісімімен және оның отбасы мүшелерінің қатысуымен ғана жүргізілетінін баса айтты. Сондай-ақ, комиссиялар дербес деректерді қорғау және жеке ақпаратты таратпау туралы заңнаманы сақтауға міндетті.

Оқу үшін