Бала ұрлығы туралы ақпарат – фейк

ҚР ІІМ елімізде әлеуметтік желіде балаларды ұрлау туралы тараған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Хабарламада: тұрғындарға есіктерді жабық ұстау, бейтаныс адамдармен лифтпен жүрмеуге, түнде көшеге шықпауға, әсіресе Сирия мен Ауғанстаннан келген азаматтардан аулақ жүруге шақырды.
Ең бастысы қаскөйлер хабараламаны ҚР Ішкі істер министрлінгінің атынан таратқан. Министрлік мұндай мәліметтер шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

ІІМ азаматтарды тек тексерілген дереккөздерге сенуге шақырады.
«Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде таралып жатқан мигранттар мен балаларды ұрлау туралы тарап жатқан ақпарат фейк екенін хабарлайды. Министрлік мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз», — деп хабарлайды ІІМ.
Сондай-ақ, жалған мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын есте ұстаған жөн.


