Желіде жалған аккаунт ашып, халықты дүрліктіріп жатқандар көбейді

Коллаж: NoFake.kz
Әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, халық арасында дүрбелең туғызып жатқан жалған аккаунттар көбейді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Каспийдегі трагедияны әркім әртүрлі мақсатта пайдаланып отыр. Әсіресе, Threads желісінде жалған аккаунттар белсенді.
Жалған аккаунттар неге белсенді?
Олардың бірі жұртты митинге шығуға үндеп жатса, енді бірі Каспийдегі қайғылы жайтты пайдаланып, ел арасында дүрбелең туғызуға тырысқан.
Олардың басым көпшілігінің жалған екенін көру қиын емес. Мысалы, мына аккаунт 12 сағат бұрын ашылған және мағынасы бір тақырыпты бірнеше рет жазған.

Аты күмәнді және жалғыз жазбасы бар тағы бір аккаунтты байқадық. Мұндай парақшалардың барлығында автордың не суреті, не аты-жөні жоқ. Демек ол — бот болуы әбден мүмкін.
Түйін
Қорыта айтқанда, әлеуметтік желідегі жалған аккаунттардың белсенділігі қоғамда дүрбелең мен негізсіз алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Сондықтан арандатушылық сипаттағы жазбаларға бірден сенбей, ақпараттың дереккөзін тексеріп, ресми мәліметтерге сүйенген жөн. Әсіресе жаңадан ашылған, аты-жөні мен нақты ақпараты көрсетілмеген аккаунттардың жарияланымдарына сақтықпен қарау қажет.


