NoFake

Тарихи және табиғи нысандарды бүлдіргендер қалай жазаланады

Фото: instagram.com/ ile_alatau_nationalpark

Желіде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Бутаков сарқырамасының тастарына қатысты вандализм фактісі орын алғаны туралы ақпарат тарады.

Nofake.kz ІІМ-не хабарласып, мұндай әрекет үшін заңда не көзделгенін анықтап көрді.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Жақсылық Елубаевтың айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде хайп жасау және видео жариялау мақсатында, табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру жағдайлары жиілеген.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 294 бабына сәйкес, мемлекет қорғауындағы объектілерді бүлдіргені үшін, 100 АЕК-тен 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ІІМ өз елінің табиғаты, тарихы және айналаңа құрмет көрсету – әр азаматтың міндеті екенін еске салады. Вандализмнің кез келген көрінісі қатаң құқықтық бағасын алады. Себебі, заң мен тәртіп әр адамның жауапкершілігіне негізделген. Ал, мұндай құқық бұзушылықтар үшін, қатаң жаза бар», — деді ол. 

Ал, Ұлттық парк өкілдері Бутаков сарқырамасы маңындағы тастардағы жазулардан кейін, табиғатты қорғау тәртібін бұзуға жол берген тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырған. Нәтижесінде, құқық бұзушылар жеке білім беру орталығының оқушылары екенін анықталған.

«Әңгімелесу жұмыстарынан кейін оқушылар мұндай әрекеттердің орынсыз екенін түсініп, бірлесіп аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді және тастардағы жазуларды толықтай өшірді. Сонымен қатар, табиғи нысанға келтірілген зиян үшін кешірім сұрады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, құқық бұзушылар мемлекеттік табиғи нысанға келтірген зияны үшін ресми түрде кешірім сұраған.

Оқу үшін