NoFake

Чикунгунья вирусы Қазақстанға қауіпті ме?

Соңғы айларда әлемнің бірқатар елдерінде чикунгунья вирусының таралуы тіркелді. Бірақ халықаралық ұйымдардың мәліметтіне сәйкес және сарапшылардың пікірінше, біздің елде инфекцияның таралу қаупі төмен.

Санитарлық қадағалау мамандары мен эпидемиологтардың теріске шығарғанына қарамастан, Қазнет қолданушылары чикунгунья вирусы жаңа пандемияға әкелуі мүмкін деген болжамдармен бөлісуді жалғастыруда.

Чикунгунья – адамға маса арқылы жұғады. Бұл – вирустық ауру, ол кейде ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Дегенмен науқастардың басым бөлігі жазылып, өмір бойына иммунитетке ие болады. Бұл аурудың негізгі белгісі — буындардың зақымдануы. Инкубациялық кезеңі 2–12 күнге созылады. Осыдан кейін адамның дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, буындарында өте қатты ауырсыну пайда болады.

2025 жылдың басында вирус Үнді мұхиты аймағынан тез тарала бастады. Реюньон аралында 47 500-ден астам жағдай және 12 адам қайтыс болды. Вирус мамыр-шілде айларында Еуропаға жетті, онда Франция мен Италия елдерінде 100-ден астам ауруды жұқтыру жағдайлары тіркелді.

Чикунгунья – тропикалық және субтропикалық елдерде жиі кездеседі.. Бірақ соңғы жылдардағы тәжірибе климаттық өзгерістер мен жаһандануға байланысты векторлық жәндіктердің таралу аймағы кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Негізгі тасымалдаушы – «азиялық жолбарыс масасы» деп аталатын Aedes albopictus масасы Ресейдің оңтүстік аймақтарында, Түркия мен Грузияда кездеседі. Қазақстандық эпидемиологтар ел аумағында «азиялық жолбарыс масасы» кездеспейтінін атап өтті.

«Егер инфекция әкелінсе, онда бізде әлеуетті вектордың, яғни азиялық жолбарыс масасының болмауына байланысты инфекцияның жергілікті таралуы алынып тасталады. Ол бізде өмір сүрмейді. Масалардың түрлік құрамын байқау нәтижелері бойынша бізде мұндай масалар жоқ», — деп түсіндірді ҚР ДСМ көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Баян Дәулетьярова.

Оқу үшін