Жасанды интеллект WhatsApp-тағы жеке хатты оқиды — дүрбелең

WhatsApp-та жасанды интеллект (ЖИ) жеке хат-хабарларды оқиды деген хабарлама тарады. Мессенджер пайдаланушылары алгоритм чатты оқып, олардың виртуалды өмірі туралы толық ақпарат жинайды деп алаңдаулы. Қоғамда түрлі қауесетке түрткі болған тақырыпты осы материалда талдаймыз.
WhatsApp-та қазірдің өзінде жасанды интеллект (ЖИ) бар
2025 жылдың көктемінде мессенджерді әзірлеуші компания жаңа конфигурацияны енгізді – хабарлама жазуға көмектесетін Meta AI-көмекші (қосымшадағы кішкентай көк шеңбер), сонымен қатар «Кеңейтілген чат құпиялылығы» мүмкіндігі. Бұл азаматтар арасында түрлі қауесеттердің пайда болуына себеп болды. Кейбір пайдаланушылар ЖИ барлық хат-хабарларды автоматты түрде қарайды деп шешті. Бұл іс жүзінде олай емес: жасанды интеллект оны қосқан кезде ғана жұмыс істейді және әзірлеуші бұрынғыдай хабарламалардың таралып кетуінен қорғауға кепілдік береді. Әзірге жаңашылдық қазақстандықтар үшін қолжетімді емес.
Біздің еліміздің тұрғындары «Кеңейтілген чат құпиялылығы» функциясын қолдана алады. Ол жеке жазбалаларыңызды (медиафайлдарды сақтауға және хабарламаларды пайдалануды) экспорттауға тыйым салады. Бірақ WhatsApp-та негізгі шифрлау бұрын болған: WhatsApp та, Meta да чаттағы жазбаларды көрмейді. Meta AI-көмекші Пайдаланушының өзі жіберетін немесе пәрменмен белгілейтін нәрсеге ғана қол жеткізеді.
Жаңа AI-көмекші тек пайдаланушының қалауы бойынша әрекет етеді және жеке деректерді бақылауға көп мүмкіндік береді. Бұл екі опция бөлек жұмыс істейді: AI, яғни жасанды интелект – құрал, ал жаңа параметр — жеке ақпараттарды қорғауды күшейту әдісі.
«Кеңейтілген чат құпиялылығы» шифрлауды өзгертпейді, тек деректерді пайдалануға шектеулер енгізеді.
«Кеңейтілген чат құпиялылығын» қалай қосуға болады?
1. Чатты немесе топты ашып, оның атауын басыңыз.
2. «Кеңейтілген чат құпиялылығы» тармағын тауып, іске қосыңыз.
Бұл опция әр чат үшін бөлек іске қосыладу және оның барлық мүшелеріне қол жетімді.
«Жасанды интелект (ЖИ) барлық чаттарды оқиды және шұғыл түрде қорғауды қосу керек» деген хабарламалар жалған ақпарат. Көптеген пайдаланушылар үшін ештеңе өзгерген жоқ: хат-хабарларды қорғауда болады және жасанды интеллект оларға рұқсатсыз қол жеткізе алмайды.


