NoFake

«Қайрат» – «Реал» матчы: полиция алаяқтардан сақ болуды ескертті

Қазақстандық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып, 30 қыркүйекте Алматыда отандық команда испандық «Реалға» қарсы ойынайды. Осыған байланысты полиция қазақстандықтарды билет сатып аларда алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми YouTube-арнасында жарияланған бейнероликте кейінгі кездері алаяқтық жиілегені айтылады. Қаскөйлер күмәнді сайттарда жалған билеттерді жарнамалайды.

«Алматы қаласы полиция департаменті билетті тек ресми әрі сенімді орыннан сатып алуға кеңес береді. Әлеуметтік желілерде немесе қолдан қолға сататын адамдарға сенбеңіздер. Билетті қайта сату және заңсыз сату Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы және әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы полициясы күмәнді жарнама байқасаңыз немесе алаяқтыққа тап болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Оқу үшін