«Қапланбек” өткізу пунктінде кезек күткендердің жиналғаны рас па

Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі “Қапланбек” өткізу пунктінде кезек күткен адамдардың жиналғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Nofake.kz.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі “Қапланбек” өткізу пунктінде Өзбекстан Республикасына кіруді күтіп тұрған адамдардың белгілі бір деңгейде жиналғаны туралы ақпаратты растады.
«Бұл көршілес аумақтағы “Новои” өткізу пунктінің тіркеу жүйесіндегі іркілістерге байланысты. Қазақстан тарапынан өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Шекара өкілдері шеңберінде өзара іс-қимыл ұйымдастырылды», — делінген хабарламада.
Өзбекстан тарапының мәліметінше, бүгінде ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмыс қабілетін қалпына келтіру бойынша бірқатар шаралар жүргізіліп жатыр. Ведомство азаматтарға сапарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруге шақырды.


