NoFake

«Сарбаз өліміне қылмыстық іс ашылмасын»: министрлік атынан тараған видео – дипфейк

Скрин видеодан

Әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрі атынан сарбаз өліміне қатысты істер бойынша қылмыстық іс қозғауға болмайды деген мазмұнда жасалған дипфейк видео тарады, деп хабарлайды NoFake.kz.

YouTube платформасында жарияланған видеоға қатысты Қорғаныс министрлігі ресми түсінік беріп, видеоның фейк екенін мәлімдеді.

«Бұл видео жасанды интеллект технологияларын (дипфейк) қолдану арқылы жасалған. Аудиожазба мен видеолар монтаждалған, сондықтан ондағы айтылған сөздер министрдің нақты мәлімдемесі емес», — делінген ресми хабарламада.

Министрлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Оқу үшін