Антифрод-орталығы азаматтардың қанша қаражатын алаяқтардан сақтай алды

Фото: NoFake.kz
Ұлттық Банктің «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ жанындағы Антифрод-орталықтың басшысы Айнұр Измайлова орталықпен қанша іс қаралып, қанша азаматтың қаражаты сақталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Nofake.kz.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ жанында 2024 жылы Антифрод-орталығы құрылды. Оның негізгі мақсаты — қаржы нарығы мен құқық қорғау органдары арасында байланысты орнату және нығайту. Осы уақыт аралығында анти-фрод орталығымен 130 мыңнан астам оқиға тіркелді. Олардың ішінде 100 мыңдай оқиға — алаяқтық істеріне қатысты болды. Нәтижесінде азаматтардың 3 млрд теңгеден астам қаржысы аман қалды», — деді ол.
Сонымен бірге ол қаржы нарығына қатысты да нақты деректерді ұсынды.
«Сол сияқты қаржысынан айырылып қалған азаматтарға да болған жайт туралы дер уақытында хабарласуға кеңес береміз. Қазіргі таңда біз бар күшімізді ақшаны аудару бағытына бағыттауды жөн көріп отырмыз. Сол сияқты ІІМ-мен бірге ЖИ құралдарды енгізу арқылы жұмысты жандандыруды көздеп отырмыз», — деді ол.
Ведомство өкілі бұл бағытта қазірдің өзінде бұл бағытта ЖИ-агенттер енгізілгенін атап өтті.
«Олар болған жайтпен танысып, оны сараптап, оған қатысты кеңес беретін болады. Сонымен бірге ол азаматтардың алаяқтарға алданып қалған ақшасын қайтаруға көмектесетін болады», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін Астанада «Қазақстанның киберкаржылық қалқаны: алаяқтық туралы ақпаратты жоққа шығарамыз» атты форум өтіп жатыр. Бұған дейін Антифрод-орталығы басшысы елімізде кең тараған интернет-алаяқтық түрлерін айтқан еді.


