NoFake

Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер ИП ашуға міндетті ме — Министрлік жауабы

налог

Фото: Depositphotos

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында саланы цифрландыру және жаңа салық режимі тақырыбында брифинг өткізді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Брифинг барысында тілшілер одан «Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар ИП ашуға міндетті ме және жұмыс берушілер оларға ИП ашуға мәжбүрлей ала ма?» деген сауал қойды. Сондай-ақ ол мұндай әрекеттің қаншалықты заңды екені туралы сұрақ жолдады.

«Жұмыс беруші еңбек қатынастарын өзгерткен жағдайда, яғни ол өзінің қызметкеріне өз-өзін қамтыған мәртебесіне өткізуге мәжбүрлесе және осы арқылы салық төлеуден жалтарса, оған заңда бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұған нақты мысалдар болса, біздің ведомство мұндай жағдайларды қарастыруға дайын. Сондай-ақ азаматтар ондай жағдай орын алса еңбек инспекциясына және бізге хабарласа алады», — деді ведомство өкілі.

Одан бөлек ведомство мамандары редакцияның: «Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін азаматтар, егер белгілі бір жұмыс орнында тіркелмей, өзіне жұмыс істеген жағдайда ИП ашуға міндетті ме?» деген сауалына жауап берді.

«Егер азамат өзі қызмет көрсететін адаммен еңбек қатынасында болмаса, яғни өзіне жұмыс істесе, онда ИП ашады немесе өзін-өзі қамтыған азамат ретінде тіркеле алады. Бәрі қызмет түріне байланысты. Өзін-өзі қамтыған азаматтар ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысына сәйкес, 40 қызмет түрі бойынша қызмет көрсете алады. Оларға такси, тамақ жеткізу, курьерлік қызмет, шаштараздар мен сән салоны қызметкерлері, клининг, техника, аяқ-киім жөндеу және т.б жатады, тек осы қызметтегілер ғана ИП ашпай-ақ, өзін-өзі қамтығандар ретінде жұмыс істей алады», — деді мамандар.

Бұл ретте комитет өкілдері тек аталған 40 қызмет түрі бойынша еңбек ететін азаматтар және бір емес, бірнеше адамға жекелей қызмет көрсететін адамдар ғана өзін-өзі қамтыған мәртебесін ала алатынын түсіндірді. Ал, аталған 40 қызмет түріне енбеген салада жұмыс істейтін азаматтар ИП ашып, арнаулы салық режимімен еңбек ете алады.

Бұл ретте комитет өкілдері тек аталған 40 қызмет түрі бойынша еңбек ететін азаматтар және бір емес, бірнеше адамға жекелей қызмет көрсететін адамдар ғана өзін-өзі қамтыған мәртебесін ала алатынын түсіндірді. Ал, аталған 40 қызмет түріне енбеген салада жұмыс істейтін азаматтар ИП ашып, арнаулы салық режимімен еңбек ете алады.

«Еңбек қатынастарына келер болсақ, ол бөлек мәселе. Мысалы, 10 пайыз жеке табыс салығын төлемеу үшін, жұмыс берушілер қоластындағы қызметкерлерге өзін өзі қамтыған мәртебесін алуды ұсынады. Себебі, өзін-өзі қамтыған азаматтар жеке табыс салығын төлемейді. Яғни, бұл жерде заң бұзушылық бар және оған жауапкершілік қарастырылған», — деді мамандар.

Айта кетейік, ҚР Мемлекеттік кірістер департаменті бұған дейін өзін-өзі қамтыған азаматтар салықты қалай төлейтінін түсіндірген еді. Cондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға болатын қызмет түрлерінің тізімін бекітетінін және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін еске саламыз.

Оқу үшін