NoFake

Жаңа Конституция: қоғам сынына ұшыраған нормалар

Иллюстрация: NoFake.kz

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов Конституцияның жаңа жобасындағы қызу талқыға түскен сөз бостандығы, билік сабақтастығы және мемлекеттік тілге қатысты нормаларды түсіндірді.

Конституциялық комиссияның мүшесінің айтуынша, құжатта ұлттық құндылықтарға қайшы келетін насихатқа жол берілмейді. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпсіздікке, тұрақсыздыққа немесе заңсыз әрекеттерге шақыратын үндеулерге шектеу қарастырылған.

Нұрмұхамедов Конституция жобасындағы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» моделі басқарудың жаңа архитектурасын айқындайиынын да ерекше атап өтті.

15 наурызда қазақстандықтар республикалық референдумға қатысып, Конституция жобасына дауыс береді.

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедовпен сұхбаттың толық нұсқасы — видеоматериалда.

Оқу үшін