NoFake

Kaspi банк тарифтердің көтерілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Depositphotos

Әлеуметтік желіде Kaspi банкі картасының тарифтері өзгергені туралы ақпарат тарады. Банк баспасөз қызметі аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Желіде 2026 жылдың 31 наурызынан бастап Kaspi Gold шарттары өзгереді деген тараған ақпарат тарады.

Kaspi банк аталған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді.

«Интернетте Kaspi.kz тарифтері өзгерді деген ақпарат тарады. Атап айтқанда, жылдық қызмет көрсету құны мен Kaspi Gold картасын қайта шығару бағасы, Kaspi Pay шарттары және басқа банктердің карталарына аударымдар үшін комиссиялар өзгерді деген мәліметтер пайда болды. Бұл ақпараттың таралуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген шекті мөлшерлер қамтылған тарифтер жөніндегі жаңартылған заңды құжаттың қате түсіндірмесі себеп болған. Егер қандай да бір өзгерістер орын алса, біз олар туралы әрдайым алдын ала және ашық түрде хабарлаймыз. Клиенттер мен серіктестер үшін тарифтер мен қызмет көрсету шарттары өзгеріссіз қалады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Kaspi дүкенінде алаяқтарға алданбау мүмкіндіктері туралы хабарлаған едік.

Оқу үшін