NoFake

«Бұл қасиетті жазба емес» –  Тоқаев Салық кодексі бойынша тапсырмалар берді

WhatsApp Image 2026 01 20 at 12.43.14

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Салық кодексіне қатысты да сын айтты, деп хабарлайды nofake.kz/ 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Cалық кодексіне қатысты тапсырмалар берді.

«Экономика мен бизнес жаңа ережелерге көшіп жатыр. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар теңгерімді әрі нақты емес фискалдық транзитті қамтамасыз етуге міндетті. Жаңа Салық кодексін қолдануға қатысты қоғам тарапынан айтылып жатқан барлық орынды, конструктивті ұсыныстарды мұқият зерделеп, қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізу керек. Түптеп келгенде, Салық кодексі – өзгермейтін қасиетті құжат емес. Ал қоғам трансформация кезеңінен өтіп жатқан шақта кері байланыстың белсенді арналары айрықша маңызды. Азаматтардың өтініштерімен жүйелі жұмыс жүргізу елдің нақты қажеттіліктерін түсінуге, халықтың көңіл күйін сезінуге және олардың үміт-тілектеріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді», — деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай бесінші рет өтіп жатыр. Құрылтай барысында «Әділ сөз» қорының басшысы Мемлекет басшысынан медисауаттылықты арттыру үшін БАҚ-қа қолдау сұрады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда елімізде неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда бекіту қажеттігін мәлімдеді.

Оқу үшін