Тоқаев Трамптың Бейбітшілік кеңесіне шақыртуын қабыл алды

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақыру алды, ал Қазақстанға осы кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылды, деп хабарлайды nofake.kz/.
Бұл жайлы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді,
«Президент Дональд Трамптан Мемлекет басшысының атына ресми шақыру келіп түсті. Бұған дейін бірқатар елдің басшылары мұндай шақыру алғанын мәлімдеген еді. Айта кетелік, Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзі көшбасшыларының арасында алғашқылардың бірі болып Әлем кеңесі құрамына кіруге, ал еліміз аталған ұйымның құрылтайшыларының бірі болуға ресми шақыру алды. Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне хат жолдап, шынайы ризашылығын білдірді және жаңа бірлестіктің құрамына енуге келісетінін жеткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты бекітуге үлес қосуға ниетті екенін растады», — деп мәлімдеді Ақорданың ресми өкілі.
Айта кетейік, Газадағы шиеленісті реттеу үшін Трамп былтыр күзде Бейбітшілік кеңесін құратынын хабарлаған. БҰҰ ол идеясын қолдады.


