Ақмола облысында мал қоқыс жеп қырылып қалған — бас ветеринар

Фото: freepik.com
Зеренді ауданына қарасты Доңғылағаш ауылында ірі қара жұқпалы аурудан емес, қоқыс аумағындағы зиянды қалдықтарды жеп қырылып қалған. Зертханалық талдау нәтижесінде сынамалардан пестицид анықталып, малдың жем-шөптен уланғаны расталды, деп хабарлайды nofake.kz/.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Манат Абдрахмановтың айтуынша, төрт түлік шөптен уланған.
«Зертханалық тексеріс нәтижелері бойынша жануарлардан аса қауіпті жұқпалы ауру анықталмаған. Малдың қырылуына олардың қараусыз жайылып, қоқыс орындарына кіріп, денсаулыққа зиянды қалдықтарды жеуі себеп болған. Зертханалық талдау кезінде сынамалардан пестицидтер табылды. Диагноз – жем-шөптен улану. Жақын маңдағы ауылдарда жағдай тұрақты, осындай оқиғалар тіркелген жоқ», — деп түсіндірді маман.


