NoFake

Депутат банктер мен мемлекеттік органдардың ресми нөмірлерін көрсететін жүйе енгізуді ұсынды

44 14 1024x576

Фото: kursiv.media

Қазақстанда азаматтардың телефондарына банктер мен мемлекеттік органдардың шынайы нөмірлерін көрсететін жүйені енгізу ұсынылды. Бұл бастаманы Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков көтерді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Оның айтуынша, мұндай шара қоңыраудың расында ресми мекемеден түскенін немесе телефон алаяқтары тарапынан жасалғанын тез анықтауға көмектеседі.

Стамбеков сондай-ақ азаматтарға күмәнді қоңырауларды «мошенниктік болуы мүмкін» деп белгілеуге мүмкіндік беру маңызды екенін атап өтті. Бұл жалпы ақпараттандыруды арттырып, қауіпті нөмірлердің ортақ базасын жасауға ықпал етеді.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының барлық ресми нөмірлерін телефон нөмірлерін көрсету жүйесін техникалық іске асыру үшін Жасанды интеллект министрлігіне беруі қажет. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың нөмірлері де осы тізімге кіруі тиіс», — деді ол пленарлық отырыста.

Депутат ІІМ-ге, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне азаматтардың өтініштерін қабылдайтын бірыңғай орталық құруды бірлесіп қарастыруды ұсынды. Мұндай орталық алаяқтық қоңыраулар туралы хабарламаларды жедел қабылдап, оларды тексеруге жолдай алады. Бұл бастама елімізде кең тараған қаржылық алаяқтықтың бір түрі — телефон арқылы алдаудан азаматтарды қорғауды күшейтуді көздейді.

Оқу үшін