«Жас ұлан» лицейіндегі видеоға қатысты Қорғаныс министрлігі жауап берді

Скриншоты из видео
Әлеуметтік желілерде «Жас ұлан» әскери мектебінің оқушылары арасындағы келеңсіз жағдайды көрсететін видео қайта тарала бастады. Қоғамда талқылау туғызған бұл бейнематериалға қатысты Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/.
Ведомство мәліметінше, желіде тараған кадрлар қазіргі жағдайға қатысы жоқ. Министрлік бұл видеоны 2023 жылы түсірілген ескі жазба екенін нақтылады.
«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан видео – ескі материал. Онда бір түлектің сыныптасына қатысты орынсыз әрекеті көрсетілген. Аталған жазбаның 2023 жылы түсірілгені анықталды. Эпизод сол кезде педагогикалық құрам тарапынан жедел қарастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.Екі оқушы да 2025 жылы оқуын аяқтады. Лицей басшылығы тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас үнемі бақылауда болатынын және кез келген орынсыз мінез-құлықтың түрлері дереу тоқтатылатынын атап өтті», — деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.
Министрлік екі оқушының да 2025 жылы лицейден түлеп шыққанын мәлімдеді. Сол себепті видеодағы оқиға қазіргі оқу процесіне немесе қазіргі тәрбиеленушілерге қатысы жоқ.


