NoFake

«Гексаксим» екпесінің 2 млн дозасы сатып алынғаны рас па — Министрлік жауап берді

Фото: magnific.com

Әлеуметтік желіде «Гексаксим» екпесінің 2 млн дозасы сатып алынғаны туралы ақпарат тарады. Денсаулық сақтау министрлігі жарияланым авторы сатып алу көлемін жаңа туған балалар санымен қате салыстырғанын мәлімдеді.

Жазбада 2026 жыл басталғалы бері Қазақстанда 201 мың бала дүниеге келгені, ал Денсаулық сақтау министрлігі жалпы сомасы шамамен 32 млрд теңгеге «Гексаксим» екпесінің 2 млн дозасын сатып алуды екі рет жариялағаны айтылған. Жарияланымда жаңа туған балалардың саны мен бір балаға қажетті екпе дозаларын ескере отырып, мұндай көлемдегі екпені сатып алудың қажеттілігіне де күмән келтірілген.

Скрин трэдс

Денсаулық сақтау министрлігі жарияланымда келтірілген деректерде екпені сатып алу көлемі 2026 жылы дүниеге келген балалар санымен дұрыс салыстырылмағанын мәлімдеді.

«Жазбада келтірілген деректерде екпені сатып алу көлемі биыл дүниеге келген балалар санымен қате салыстырылған», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство «Гексаксим» екпесінің 2 млн дозасы сатып алынды деген мәлімдемені де жоққа шығарды.

«Жарияланымда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Гексаксим» екпесінің 2 млн дозасын сатып алғаны айтылған. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Осылайша, жарияланымдағы есеп Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екпені сатып алу көлемімен қате салыстырылған деректерге негізделген.

Оқу үшін