NoFake

Адамның жүрегі жұдырығындай болатыны рас па

Коллаж: NoFake.kz

«Адамның жүрегі өз жұдырығындай» деген түсінік кең тараған. Бұл қаншалықты рас? NoFake.kz редакциясы UMC Жүрек орталығының кардиологы Исламбек Лаискановтан жүрекке қатысты ел арасында кең тараған болжамдардың қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

Кардиологтың айтуынша, жүректің көлемін расымен адамның жұдырығымен салыстыруға болады. Дегенмен бұл — нақты медициналық өлшем емес, жүректің шамамен мөлшерін түсіндіруге арналған қарапайым салыстыру.

«Адамның жүрегі өзінің жұдырығындай деуге болады. Ересек ер адамның жүрегі шамамен 250–350 грамға дейін жетеді. Әйел адамның жүрегі 200–300 граммға дейін жетуі мүмкін. Балалардың жүрегі одан да кіші болады», — деді Исламбек Лаисканов.

Бірақ жүректің ұлғаюы әрдайым қалыпты жағдай деп қабылданбауы керек. Дәрігер жүрек бұлшықетінің қалыңдауы немесе ұзақ уақыт емделмеген артериялық гипертензия жүрек көлемінің өзгеруіне әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

«Егер жүректің гипертрофиялық ауруы болса немесе артериялық гипертензия ұзақ жылдар бойы емделмеген болса, жүрек ұлғая бастайды»,— деді кардиолог.

Айта кетейік, бұған дейін біз ер адамдар әйелдерге қарағанда инфарктке жиі ұшырайды деген пікір рас па деген сауалға жауап бердік.

Оқу үшін