NoFake

Ақтөбе ФК «Qazaq Stroy» меншігіне өтеді деген ақпарат рас па

Снимок экрана 2025 11 19

Фото: Ақтөбе ФК

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте «Ақтөбе» футбол клубы «Qazaq Stroy» басшысы Нұрлан Артықбаевтың меншігіне өтетінін растады. Бұл туралы nofake.kz/ хабарлайды. 

Тұрғындар арасында «Ақтөбе» футбол клубы кімнің меншігіне өтеді деген сауал көп болған. Олар желіде осы тақырыпты жиі талқыға салған.

Комм ты

Брифинг барысында «Ақтөбе» футбол клубы өңірден шыққан белгілі кәсіпкердің меншігіне өтетінін мәлімдеді. 

«Бұл тікелей Президенттің тапсырмасы. Бюджеттен қаржы бөлмей, еліміздің қалталы азаматтары көңіл бөліп, клубты жетілдіру мәселесін қолға алып жатыр. Біздің жанкүйерлерді білесіздер, өте белсенді. Жалпы футболдың болашағы басты назарда. Соған байланысты біздің клубқа қызығушылық танытып, өз үлесін қосады деген кәсіпкер анықталды. Қазір заң аясында кәсіпкерге футбол клубын беру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деді облыс әкімі. 

Сондай-ақ ол брифинг барысында ол кәсіпкердің Ақтөбе облысының тумасы, «Qazaq Stroy» құрылыс компаниясы басшысы Нұрлан Артықбаев екенін растады.

«Нұрлан Артықбаев ақтөбелік азамат. Қызығушылығы өте жоғары. Әрине мүмкіндік болғаннан кейін, клубты қабылдап, жұмысты жүзеге асырамын деп ниет білдірді. Қалған мәселелерді өзара байланыс арқылы жүзеге асыратын боламыз. Инвестиция көлемі заң аясында жекешелендіру мәселелері толықтай аяқталғаннан кейін белгілі болады», — деді өңір басшысы.

Оқу үшін