NoFake

ЖИ экологиялық апаттардың алдын ала ма

Фото: Depositphotos

Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі ЖИ-дің экологиялық мәселелерді шешудегі рөліне тоқталды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Зүлфия Сүлейменованың сөзінше, ЖИ бүгінде басқа да салалар сынды экологиялық мәселелерді шешуде де кеңінен қолданылып жүр.

«ЖИ көп салаларда қолданылуы мүмкін, мысалы сараптама жасау және т.б. салаларда. Мәселен, көп жағдайда метанның таралуы болып жатады. 2023 жылы осындай жағдай орын алып, апат болған еді. Қазір спутниктік модельдер және ЖИ-ді біріктіре отырып, газдың таралуын бастапқы кезеңде анықтауға және алдын ала шара қолдануға мүмкіндік бар», — деді ол.

Сонымен бірге, ол ЖИ-дің экологиялық апаттардың алдын алуға да септігін тигізетінін атап өтті.

«ЖИ-ді су ресурстары, метанның таралуы, өрт, қоқысты анықтау және т.б. салаларда тиімді пайдалануға болады. Сондықтан ЖИ экологиялық мәселелерді тиімді шешуге көмектесетіні рас», — деді ол.

Зүлфия Сүлейменова, бұл ретте оның теріс салдарын да ұмытпау қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, бүгін елордада өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр. Бұған дейін, Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Қазақстанның метан шығарындылары көрсеткіштерін азайтуға Қазақстан айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін атап өткен еді.

Оқу үшін