NoFake

ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы туға қатысты тараған ақпаратқа жауап берді

Фото: ҰҚҚ

Threads әлеуметтік желісінде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орнатылған мемлекеттік тудың лас күйде тұрғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары Қордай өткізу пунктіндегі Қазақстан туының ластанғаны туралы жазбалар жариялап, оны сынға алған.

Скрин трэдс желісінен

Осыған байланысты редакцияның сауалына жауап берген ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік рәміздің талапқа сай жағдайда тұрғанын хабарлап, видео жіберді.

«Қордай» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесі. 2026 жылғы 13 шілде. Сағат 07:10 минут. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туында ластану белгілері жоқ», – делінген ведомство ұсынған бейнежазбада.

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті редакцияға мемлекеттік тудың қазіргі жағдайын көрсететін фотосуретті жолдап, әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Оқу үшін