NoFake

Смартфондағы фейкті 10 секундта анықтау: Әркім білуі тиіс 5 лайфхак

Фото: Depositphotos

WhatsApp немесе Telegram-ға келген фото немесе видеоның рас-өтірігін анықтау үшін кәсіби фактчекер болу шарт емес. Кейде қолыңыздағы смартфонның көпшілік біле бермейтін мүмкіндіктерін пайдалану жеткілікті.
NoFake.kz желідегі фейктерден қорғанудың ең тиімді 5 әдісін ұсынады.
№1 лайфхак. Суретті «екі түрту» арқылы тексеру (Фейк фотолармен күрес)
Мысалы, сізге Астанада немесе Алматыда «бүгін болған» сұмдық апаттың немесе «төлемақы туралы түбіртектің» фотосы келді делік. Бұл фотоның шынайылығын қалай тексереміз?(скриндармен көрсету)
Лайфхак: Қазіргі смартфондардың көбіне Google Lens (Гугл Объектив) немесе Apple Visual Look Up функциясы бар.
Android-та: суретті галереядан ашып, жоғарыда немесе төмендегі «мәліметтер» белгішесін басыңыз.
iPhone-да: «Фото» қосымшасынан суретті ашып, төмендегі жұлдызшасы бар [i] белгішесін түртіңіз.
Нәтиже: Смартфоныңыз бұл суреттің осыдан бірнеше жыл бұрын мүлдем басқа елде түсірілгенін қас-қағым сәтте тауып береді.

Фото: NoFake.kz
Фото: NoFake.kz


№2 лайфхак. Видеоны «Скриншот және Реверс» арқылы әшкерелеу
Мысалы, Чаттарда авторы да, датасы да жоқ, бірақ тақырыбы айқайлаған видео тарап жатыр делік. Оның түпнұсқалығын қалай анықтауға болады?
Лайфхак: Видеоның ішінен ең анық көрінетін сәтті (мысалы, адамның жүзі, ғимарат немесе көшедегі ерекше жазу) тауып, скриншот жасаңыз, яғни экранды суретке түсіру) жасаңыз. Содан кейін бұл скриншотты Google Images немесе Yandex Images жүйесіне жүктеңіз.
Нәтиже: Сіз бұл видеоның түпнұсқасын (мысалы, YouTube-тен) табасыз және фейк жасаушылардың видеоның қай жерін кесіп алып, контекстін өзгерткенін бірден түсінесіз.
№3 лайфхак. Google-дегі тырнақша «сиқыры»
Мысалы, чаттарда: «Үкіметтің №… қаулысы бойынша барлық азаматтарға 50 000 теңге беріледі…» деген мәтін жүр делік. Бұл мәлімет рас немесе жалған екенін былай тексеруге болады?
Лайфхак: Осы мәтіннен ерекше бір сөйлемді көшіріп алып, Google іздеу жолағына міндетті түрде тырнақшаға алып жазыңыз.
Нәтиже: Тырнақша іздеу жүйесіне мәтінді дәл солай, өзгертпей іздеуге бұйрық береді. Егер іздеу нәтижесінде тек күмәнді форумдар немесе антифейк сайттардың теріске шығару материалы ғана шықса — бұл 100% жалған ақпарат деген сөз.
№4 лайфхак. Дипфейкті көзбен және құлақпен анықтау
Мысалы, белгілі бір тұлға немесе шенеунік видеода «тиімді жобаға ақша салуды» айтып тұр. Жасанды интеллект дамыған заманда бұл видео өте шынайы көрінуі мүмкін.
Лайфхак: Видеодағы адамның екі нәрсесіне мұқият қараңыз:
Көзі мен тісі: Нейросеть тез сөйлеген кезде тістерді бұлдыратып жібереді, ал оң және сол көздегі жарықтың шағылысуы (блик) сәйкес келмейді.
Тыныс алу мен интонация: ЖИ дем алмай сөйлейді және мәтін қаншалықты эмоционалды болса да, оның дауыс ырғағы робот сияқты бірсарынды болады.
№5 лайфхак. Антифейк-ботты контактіге қосып қою
Ал енді мұның бәрін өзіңіз тексеруге уақытыңыз немесе құлқыңыз жоқ делік.
Лайфхак: Еліміздегі ресми фактчекинг орталықтарының Telegram-боттарын телеграмда жоғарыға бекітіп қойыңыз. Күмәнді сілтеме немесе хабарлама келді ме? Оны чаттан шықпай-ақ, бірден осы ботқа қайта бағыттаңыз.
Нәтиже: Автоматтандырылған жүйе бұл ақпараттың фейк немесе шындық екенін сізге лезде тауып береді.

 

Оқу үшін