NoFake

Семейде алты студент дропперлік схемаға қатысы бар деген күдікке ілінді

Фото: Depositphotos

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарын ақша аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланған адамдар тобының заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Nofake.kz.
Ведомство мәліметінше, Семей қаласында жергілікті университеттің алты студенті анықталып, бүгінде олардан жауап алынып жатыр.

«Тергеу деректері бойынша, оларға тиесілі банк карталары ақша қабылдау үшін пайдаланылған. Кейін түскен қаражат бөлшектеліп, басқа шоттарға аударылған. Бұл оның шығу тегін жасыруға, қаржы ағынын бақылауды қиындатуға және кейін ақшаны қолма-қол шешіп алуға мүмкіндік берген.
Студенттердің бірінің шотына ғана 25 азаматтан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен», — делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, ҚМА ақша жіберген азаматтар интернет-алаяқтыққа байланысты істер бойынша жәбірленушілер екенін анықтаған.

«Олар елдің 11 өңірін қамтиды. Мысалы: Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары», — делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство қазіргі таңда тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін ҚР ҚМА агенттік атынан жалған хат таратып жатқандар туралы ескерткен болатын.

Оқу үшін