NoFake

Агенттік атынан жалған хат таратады: ҚМА азаматтарға ескерту жасады

Фото: Depositphotos

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың Агенттік атынан жалған ресми хаттар таратуы әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Агенттікке мемлекеттік органға жолданған осындай жалған хаттың тағы бір дерегі туралы ақпарат түскен. Құжатта алаяқтар белгілі бір азаматқа қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтып, оның жеке мәліметтерін, мінездемесін және басқа да ақпаратты ұсынуды сұраған.

«ҚМА мәліметінше, бұған дейін де алаяқтар осыған ұқсас тәсілді пайдаланған. Жалған хаттарды жібергеннен кейін олар азаматтарға телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырған. Осы арқылы алаяқтар азаматтардың жеке және банк деректерін алуға немесе түрлі сылтаумен ақша аудартуға тырысқан», — делінген хабарламада.

Осы опайда, ҚМА азаматтарға келесі кеңестерге құлақ түріп, сақ болуға шақырады:

  • Агенттіктің ресми хаттары белгіленген тәртіппен ғана жолданады;
  • ҚМА қызметкерлері телефон арқылы банк шоттарының деректерін беруді немесе ақша аударуды талап етпейді;
  • құжатта Агенттіктің логотипі, мөрі немесе қолтаңбасы болғанына ғана сүйеніп, оның түпнұсқалығына сенуге болмайды;
  • күмәнді хат алған жағдайда оның шынайылығын ҚМА-нің ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажет.

Азаматтарға бейтаныс адамдарға жеке және банк деректерін бермеу, сондай-ақ олардың нұсқауымен ақша аудармау ұсынылады. Күмән туындаған жағдайда ҚМА-нің 1458 нөміріне хабарласуға болады.

Оқу үшін