NoFake

Министрлік АҚШ-тың Қазақстан тауарларына қосымша баж енгізу себебін түсіндірді

Иллюстративное фото: Depositphotos

АҚШ Қазақстанда өндірілген жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде қосымша кедендік баж енгізді. Жаңа талап 24 шілдеден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Министрліктің мәліметінше, АҚШ 23 шілдеде 1974 жылғы Сауда туралы заңның 301-бөлімі аясында жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылдаған.

«2026 жылдың 24 шілдесінен бастап Қазақстанда өндірілген жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде қосымша кедендік баж енгізіледі. Бұл шара АҚШ Сауда өкілдігі бекіткен ерекше тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларға қолданылмайды», – делінген министрлік түсіндірмесінде.

Бұған дейін қазақстандық тауарларға 10% уақытша импорттық үстеме қолданылған. Оның 150 күндік мерзімі аяқталғандықтан, бұл үстеме күшін жойды. Сондықтан бұрынғы 10% жаңа 12,5% бажға қосылмайды.

Сауда және интеграция министрлігінің есебінше, Қазақстанның АҚШ-қа экспорттайтын өнімдерінің шамамен 95%-ына қосымша кедендік баж салынбайды. Ведомство қазақстандық экспорттаушылардың мүддесін қорғау және екі тарапқа да тиімді шешімдерге қол жеткізу үшін АҚШ-пен келіссөздерді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Оқу үшін