NoFake

Алаяқтар ресейлік әншінің концертіне жалған билеттер ұсынып жатыр

Алаяқтар ресейлік әншінің концертіне жалған билеттер ұсынып жатыр

Фото: magnific

Астана мен Алматыда ресейлік әнші Дима Биланның концерттеріне билеттер бірнеше апта бұрын түгел сатылып кеткен. Соған қарамастан, Threads желісінде екі қаладағы концерттерге билет ұсынып жатқандар көп. Бұл туралы концерт ұйымдастырушысы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Малик Хасеновтің айтуынша, ол әріптестерімен бірге желідегі хабарландырулар бойынша билет сатып алып, оларды тексерген.

«Бүгін әріптестеріммен бірге тексеру үшін бірнеше билет сатып алдық. Сатып алған билеттеріміздің бәрі жалған болып шықты. QR-кодтары қате. Әр жағдай бойынша полицияға арыз жаздық», – деп жазды ол Threads желісінде.

Ұйымдастырушы көрермендерді сақ болуға және бейтаныс адамдардан билет сатып алмауға шақырды.

Оқу үшін