NoFake

Олжас Бектенов Премьер-министр қызметіне ұсынылды

Фото: ҚР Конституциялық кеңесі

Бүгін өтіп жатқан Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Үкімет басшысы – Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновті ресми түрде ұсынды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Жиын барысында Президент еліміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттерге, экономиканы әртараптандыруға және әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға баса назар аударып, жаңа Үкіметтің алдына нақты талаптар қойды.

«Үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновтің кандидатурасын ұсынамын. Ол мемлекетшіл, тәжірибелі, білікті азамат, жауапкершілігін жақсы түсінеді. Бұған дейін үкімет басшысы ретінде нәтижелі жұмыс істеді», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін біз мемлекет басшысы Вице-президент лауазымына Ерлан Қаринді ұсынғаны жайлы жаздық.

Оқу үшін