NoFake

ҰҚК алаяқтық колл-орталыққа қатысы бар 14 Корея азаматын ұстады: не белгілі

Фото: Depositphotos

Қазақстанда шетелдік азаматтардың қатысуымен жұмыс істеген жасырын алаяқтық колл-орталық анықталып,  Корея Республикасының 14 азаматы қолға түсірілді деп хабарлайды NoFake.kz.

Қазіргі таңда оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«2026 жылы 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады. Аталған елдің құқық қорғау органы оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұсталғандардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қылмыстық әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылған.


« Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлайды», — деді ҰҚК өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін біз Украинада халықаралық алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылғаны жайлы жазған болатынбыз.

Оқу үшін