Ақылы демалыс қандай жағдайда беріледі: Еңбекмин маманы түсіндірді

Фото: NoFake.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маманы Шолпан Молдабекова NoFake.kz тілшісіне қандай жағдайда қызметкерлерге ақылы демалыс берілетінін және қандай әлеуметтік демалыстарға жалақы сақталмайтынын түсіндірді.
Оның сөзінше, еңбек заңнамасында туысының қайтыс болуы, бала тууы немесе некеге тұру секілді жағдайларда қызметкерге 5 күнге дейін демалыс қарастырылған. Бірақ бұл күндерге жалақы төленбейді.
«Ал скринингтік зерттеулерден өтуге және жүктіліктің ерте мерзімінде медициналық есепке тұруға байланысты жұмыс беруші қызметкерге 3 күнге дейін жалақысы сақталатын демалыс беруге міндетті», — деді Шолпан Молдабекова.
Министрлік өкілінің айтуынша, егер жұмыс беруші бұл талаптарды орындамаса, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.


