NoFake

Киберқылмыскерден қорғанудың қарапайым 5 тәсілі

Фото: Depositphotos

Цифрлық заманда жеке деректерді қорғау әрбір азамат үшін маңызды. NoFake.kz. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып киберқылмыскерлердің құрығына түспеу үшін қарапайым, бірақ өте маңызды лайфхак ұсынады.

Құпия кодтар мен парольдерді ешкімге айтпаңыз

Банк қызметкерлері, мемлекеттік органдар немесе өзге де ресми сервистер сізге телефон соғып, SMS-код, PIN-код немесе карта мәліметтерін сұрамайды. Егер олар асықтырса, қорқытса немесе шұғыл түрде ақша аударуды талап етсе, дереу әңгімені тоқтатыңыз. Күдік туса, аталған ұйымның ресми нөміріне қайта қоңырау шалыңыз.

Күрделі пароль мен көпфакторлы код қолданыңыз

  • Әрбір аккаунт үшін бөлек, ішінде әріптер, сандар және арнайы таңбалары бар күрделі пароль ойлап табыңыз.
  • Міндетті түрде екісатылы аутентификацияны (2FA) қосыңыз:
  • Электрондық пошта;
  • Әлеуметтік желілер;
  • Банк қосымшалары;
  • Жұмыс сервистері.
  • Пароліңізді біреу біліп қойған күннің өзінде, парақшаңызды SMS немесе код қорғай алады.

Сілтемелер мен файлдарға сақ болыңыз

  • Күдікті сілтемелер мен беймәлім құжаттарды ашпаңыз. Әсіресе, олар:
  • Бейтаныс адамдардан жолданса;
  • Түнде немесе жұмыстан тыс уақытта келсе;
  • «Шұғыл қарап жіберші» деген өтінішпен жіберілсе;
  • Мессенджерлер немесе пошта арқылы тараса.
  • Не істеу керек? Файлды ашпас бұрын жіберушінің адресін және сайттың доменін мұқият тексеріңіз. Бір ғана қате клик құрылғыңызға вирус жұқтыруы мүмкін, тіпті жеке деректер ұрлануы мүмкін.

Құрылғылар мен қосымшаларды жаңартып отырыңыз

  • Операциялық жүйені, браузерлер мен қосымшаларды үнемі ең соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз. Хакерлер көбіне ескірген бағдарламалардың осал тұстарын пайдаланады.
  • Әрқашан антивирус қолданыңыз және қосымшаларды тек ресми дүкендерден жүктеңіз:
  • Apple App Store
  • Google Play

Жеке және жұмысқа қатысты деректерге сақ болыңыз

  • Желіде және ашық қолжетімділікте мына мәліметтерді ешқашан жарияламаңыз:
  • ЖСН (ИИН);
  • Тұрғылықты мекенжайыңыз;
  • Құжат нөмірлері;
  • Билеттер мен отырғызу талондары;
  • Қызметтік құжаттар мен ішкі хат алмасулар.
  • 📝 БАҚ өкілдері мен журналистер үшін арнайы лайфхак:
  • Ақпарат көздерінің шынайылығын міндетті түрде тексеріңіз;
  • Жұмыс материалдарын қорғаусыз (парольсіз) сақтамаңыз;
  • Қорғалған байланыс арналарын пайдаланыңыз;
  • Редакциялық аккаунттарға қолжетімділікті шектеңіз.

Жеке деректер қолды болса, адам қаржылық шығынға ұшырап қана қоймайды, сонымен қатар репутацияға нұсқан келуі немесе жалған ақпарат тарауы мүмкін. Егер хабарлама, қоңырау немесе файлдан күмәндансаңыз, асықпаңыз. Ақпаратты қайта тексеріңіз. Оған небәрі бірнеше минут кетеді, ал киберқылмыстың салдарымен айлап күресуге тура келеді.

Оқу үшін