Макрон мен Пеллегринидің алдында құрмет қарауылы сарбазының құлағаны рас па

Скрин видеодан
Әлеуметтік желілерде Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Словакия президенті Петер Пеллегринидің кездесуі кезінде құрмет қарауылы сарбазының құлаған видеосы тарады. Ақпарат рас, деп хабарлайды NoFake.kz.
Reuters агенттігі жариялаған мәліметке сәйкес, оқиға 2026 жылғы 11 қарашада Париждегі Елисей сарайында болған.
«Сәрсенбі, 11 қарашада Словакия президенті Петер Пеллегрини Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесу үшін Париждегі Елисей сарайына келген кезде құрмет қарауылының бір қызметшісі құлап қалды», – деп жазды басылым.
Сол сәтте Макрон ресми сапармен келген Пеллегриниді қарсы алып жатқан. Кадрларда сапта тұрған сарбаздың теңселіп, жерге құлағаны көрінеді. Макрон мен сарай қызметкерлері оған қарай жақындаған. Кейін қызметкерлер сарбазды рәсім өтіп жатқан жерден алып кеткен.
Түйін
Сарбаздың құлағаны туралы ақпарат расталды. Алайда видеодан оның құлау себебін анықтау мүмкін емес.


