NoFake

KMF 1,2 млн клиенттің дербес дерегі тарады деген ақпаратты жоққа шығарды

KMF 1,2 млн клиенттің дербес дерегі тарады деген ақпаратты жоққа шығарды

Фото: kmf.kz

KMF клиенттердің дербес деректері тарады деген ақпаратқа түсініктеме берді. Қаржы ұйымы бұл мәліметтерді ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Желіде Қазақстандағы ірі микроқаржы ұйымдарының бірі – KMF қаржы компаниясының 1,2 млн клиентінің дербес деректері тарауы мүмкін деген ақпарат жарияланды.

Компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Жекелеген Telegram-арналарда KMF клиенттерінің дербес деректері тарады-мыс деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. «KMF Банк» АҚ клиенттердің дербес деректерін қорғауға ерекше мән береді және Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін NoFake.kz 17 қарашада әлемде интернет үш айға өшіп, банк шоттарындағы ақша жойылатыны ақпараттың қаншалықты рас екенін анықтап көрген еді.

Оқу үшін