Кірістер декларациясы жалпыға бірдей жариялана ма

Фото: Freepik.com
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов кірістер мен мүлік туралы декларациясының ашық түрде жарияланбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Ведомство өкілінің айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қаржылық бақылау аясында жемқорлық-құқық бұзушылық субъектісі кірістер туралы және есептік кезеңде пайда болған мүлік туралы декларацияны жыл сайын тапсырады.
«Осы заң күшіне енген күннен бастап, осы декларацияға қоса мүдде және мүдде қақтығыстары туралы декларация тапсырылады. Декларацияда өзі, өзінің жұбайы және қайын жұрты, оған қоса мүдде қақтығысында тұрған өзге де тұлғалардың жеке деректері болғандықтан, ол ашық жариялауды көздемейді. Бұл декларация кадр қызметіне тапсырылады. Кадр қызметі оны тиісті кадрлық процестерді қамтитын ақпараттық жүйеге енгізеді», — деді ол.
Айта кетейік, Салауат Мүксімов бүгін Сенатта өткен брифингте пара беруге уәде берген жағдайда, заңдағы жаңа толықтырулар бойынша не өзгеретінін түсіндірген еді.


