NoFake

Канье Уэстің концертіне ерікті болуға шақырған хабарландырулар — фейк

Фото: Depositphotos

Әлеуметтік желілерде Канье Уэсттің (YE) концертіне еріктілерді қабылдау туралы жалған ақпарат тарататын парақшалар пайда болды. Іс-шараны ұйымдастырушылар мұндай хабарландыруларға сенбеуге шақырды.

«First Media Group және Freedom Ticketon әлеуметтік желілер арқылы еріктілерді қабылдамайды. Мұндай жарияланымдардың іс-шара ұйымдастырушыларына ешқандай қатысы жоқ және пайдаланушыларды жаңылыстыру мақсатында таратылуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар концертке қатысты ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге кеңес берді.

«Тек ұйымдастырушы мен серіктестердің ресми парақшаларында жарияланған ақпаратқа ғана сенулеріңізді сұраймыз», – деп ескертті олар.

Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушыларына YE концертіне ерікті ретінде тіркелуді ұсынатын бейресми парақшаларға жеке мәліметтерін бермеу және күмәнді сілтемелерге өтпеу ұсынылады.

Оқу үшін