NoFake

ІІМ «пәтерлерді аралап, биометриялық дерек жинап жүр» деген хабарламаны жоққа шығарды

ІІМ «пәтерлерді аралап, биометриялық дерек жинап жүр» деген хабарламаны жоққа шығарды

Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір топ адамның өзін полиция қызметкері деп таныстырып, пәтерлерді аралап жүргені туралы ақпарат тарады. Аталған мәлімдемеге ІІМ жауап берді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Скрин әлеуметтік желіден.

Ішкі істер министрлігі тараған ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз», – деп хабарлады ІІМ.

Министрлік тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Оқу үшін