NoFake

Алматы мен Шымкент аспанында көрінген белгісіз нысан туралы не белгілі

Алматы мен Шымкент аспанында көрінген белгісіз нысан туралы не белгілі

Скрин видеодан

Threads желісінде аспанда жарқыраған белгісіз нысанның фотосы мен видеосы тарады. Кадрларға қатысты NoFake.kz редакциясының сауалына Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының басқармасы жауап берді.

«Сіз көрсеткен уақыт аралығында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бөлімшелерінің радиолокациялық барлау құралдары Алматы мен Шымкент қалаларының үстінен ұшқан әуе нысандарын (төмен биіктікте ұшатын, шағын көлемді, баяу қозғалатын ұшу аппараттарын) тіркеген жоқ», – делінген ресми жауапта.

Басқарма Алматы аумағында «Фридом Логистик» компаниясының «Фрайкард-30» ұшқышсыз ұшу аппараты бекітілген жоспарға сәйкес өтінім бойынша ұшатынын да хабарлады.

Алайда ресми жауапта бұл аппараттың 15 қарашада дәл сол уақытта ұшқан-ұшпағаны нақтыланбаған. Сондықтан кадрдағы нысанның не екенін осы мәліметке сүйеніп анықтау мүмкін емес.

Оқу үшін