NoFake

Хантавирус инфекциясы: туристер нені білу керек

Иллюстрация: magnific.com

ҚР ДCМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хантавирусқа қатысты шетелге шығатын қазақстандықтарға ұсынымдар берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Ведомствоның мәліметінше, хантавирус инфекциясы — кеміргіштерден немесе олардың бөлінділері арқылы адамға жұғатын қауіпті вирус. Вирус адам ағзасына шаң, тамақ, су немесе тістеу арқылы түсуі мүмкін. Осыған орай, ҚР ДCМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелге шығатын Қазақстан азаматтарына төмендегідей кеңестерге құлақ түруге шақырады:

  1. шетелге шыққан жағдайда кеміргіштермен және олардың бөлінділерімен байланысты аулақ болу, олардың мекен етуі мүмкін орындарға бармау;
  2. кеміргіштермен ластануы мүмкін азық-түлік пен суды пайдаланбау, стиxиялық және көшедегі сауда орындарында тамақтанудан бас тарту; азық-түлікті тығыз жабылатын ыдыстарда сақтау;
  3. жабық жайларда болған кезде алдын ала желдету және дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып ылғалды тазалау жүргізу; үй-жайларды тазалау кезінде жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, маска) пайдалану;
  4. адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (арақашықтық сақтау, маска, дезинфекциялық құралдар) қолдану, қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау;
  5. сапардан оралғаннан кейін 1–8 апта ішінде әлсіздік, жоғары температура, айқын әлсіздік, бұлшықет ауруы, жөтел немесе ентігу белгілері пайда болса, шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіну қажет.

Айта кетейік, бұған дейін хантавирусқа қатысты қандай ақпараттың шын екенін хабарлаған едік.

Оқу үшін