NoFake

Дональд Трамп Канада премьер-министрін тұтқындағаны рас па

Скрин әлеуметтік желіден

Желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың Канада премьер-министрі Марк Карниді тұтқындап жатқан жасанды интеллектпен (ЖИ) жасалған суреті кеңінен таралды, деп хабарлайды NoFake.kz AFP Fact Check басылымына сілтеме жасай отырып.

Ақпараттық агенттік хабарлауынша, бұл сурет Трамптың Truth Social желісіндегі ресми парақшасында жарияланды делінгенімен, мүлдем шындыққа жанаспайды. X, Reddit, Instagram және Facebook желілерінде Трамптың Канада ұлттық полициясының қызыл формасын киіп, премьер-министр Марк Карниді кісендеп алып бара жатқан скриншоты пайда болды. Онда «О, Канада!» деген жазу көрсетілген.

Скрин Facebook-те тараған жазбадан, AFP қосқан жасанды интеллект белгісімен

«Трамптың парақшалары мен мұрағаттарын, соның ішінде Factba.se базасын тексеру барысында мұндай жазба табылмады. Hive Moderation құралы бұл суреттің ЖИ көмегімен жасалғанын растады», — деп жазады басылым.

Контекст

Сарапшылардың айтуынша фейк сурет 21 тамызда АҚШ пен Канада арасындағы кедендік келіссөздер үзіліп, екі ел жаңа сауда соғысына қадам басқан тұста тарап кеткен. Трамп бұған дейін Канадаға қатысты өзгертілген суреттерді, мысалы, Онтарио көлін «Америка көлі» деп атау немесе Канаданы АҚШ-тың 51-ші штаты ету бөліскенімен, дәл осы «тұтқындау» суретін жарияламаған.

Авторлар келіссөздердің үзілуіне қатысты Канада премьер-министрі Марк Карнидің ресми ұстанымын да жариялаған.

«Вашингтон ұсынған шарттар әділетсіз, экономикалық тұрғыдан тиімсіз және кез келген келісімнің сенімділігіне күмән келтіреді», — деген Марк Карни.

Айта кетейік, бұған дейін біз Дональд Трамп 65 жастан асқандарды мүлік салығынан босататыны туралы тараған жалған ақпарат жайлы жаздық.

Оқу үшін