Дауыс, артикуляция, артефакт: дипфейктің басты белгілері

Фото: Depositphotos
NoFake.kz тілшісі ЖИ маманы Қанат Ахатовпен дипфейкті танудың негізгі тәсілдерін талқылады.
Маманның айтуынша, басты белгілердің бірі – жасанды дауыс. Айқай немесе эмоциялы дыбыс арқылы артефактіні жасыру оңай. Сондай-ақ, маман «артефакт», «липсинг», «дипфейк» деген терминдерді түсіндірді.
Айта кетейік, Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Енді ЖИ көмегімен дипфейк жасағандар мен оны пайдаланушылар заң алдында жауап береді. Құжат жеке деректерді заңсыз жинауға және манипуляциялық жүйелерге тыйым салады, сондай-ақ ЖИ арқылы жасалған кез келген контентті міндетті түрде белгілеуді талап етеді.


