NoFake

Атырауда пышақ ұстаған ер адамға қатысты полиция пікір білдірді

Скрин видео

Атырау тұрғындары Балықшы ықшамауданында болуы мүмкін қауіпті жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Пышақ ұстаған ер адам жүр, қасында балалар бар. Бұл қауіпті», – делінген тұрғындардың хабарламасында.

Өңірлік полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері азаматтың жеке басын анықтады. 35 жастағы ер адамның жүйке жүйесі ауруларымен есепте тұрғаны анықталды. Қазіргі уақытта азамат Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығына жеткізіліп, орналастырылды», – деп мәлімдеді ПД.

Айта кетейік, жазба астында ер адамды бұрыннан танитын тұрғындар оның ешкімге қауіп төндірмейтінін айтып, қорғау пікірлерін қалдырған.

Оқу үшін