NoFake

Астанада ресейлік блогерге жасалған шабуылға қатысты полиция жауап берді

Фото: biogr.net

Әлеуметтік желілерде Астанада ресейлік блогер Азамат Айталиевтің өзіне шабуыл жасалғанын жариялаған ескі видео қайта тарады. Аталған жағдайға қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылғы мамыр айында Ресей Федерациясының азаматы «Есіл» аудандық полиция басқармасына арызбен жүгінген. Ол Бәйтерек монументі аумағында жеке блогына арналған бейнетүсірілім жүргізіп жатқан кезде белгісіз ер адаммен жанжалға түскен.

«Жанжал барысында ер адам азаматқа дене жарақатын салған. Аталған факті бойынша бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полиция.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті – 31 жастағы ер адамның жеке басы анықталған. Кейін тараптар дауды құқықтық тәртіпте реттеп, медиативтік келісімге келген.

Ал бұған дейін блогердің өзі бұл жағдай туралы әлеуметтік желіде видео жариялаған. Оның айтуынша, бәрі белгісіз ер адаммен сөзге келіспеушіліктен басталған. Айталиев өзара балағаттаудан кейін әлгі азаматтың кенеттен күш қолдануға көшкенін айтқан.

Оқу үшін