NoFake

Астана көшелеріндегі әскери техника мен полиция: СІМ түсініктеме берді

Скрин фотодан

Әлеуметтік желілерде Астана көшелеріндегі әскери техника мен полиция қызметкерлерін көрген қала тұрғындары оларды фотоға түсіріп, алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты NoFake.kz CІМ-ге хабарласып, мұның себебін білді.

Сыртқы Істер министрлігі Елорда көшелеріндегі бұл көрініс бұған дейін Ақорда хабарлағандай, елімізге 5-6 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келіп жатқанымен байланысты екенін мәлімдеді.

«Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады», — деп жауап берді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін біз Ресейге әскери техника тиелген пойыздар не үшін жөнелтілетіні жайлы Қорғаныс министрлігі түсіндіргені жайлы жаздық.

Оқу үшін