NoFake

АПВ туралы мифтер: вирус тек әйелден жұға ма және вакцина бедеулікке әкеле ме?

Коллаж: NoFake.kz

Адам папиллома вирусы (АПВ) – әлемде кең таралған инфекциялардың бірі. Көп жағдайда ол еш белгі бермейді. Алайда вирустың кейбір онкогенді түрлері ағзада ұзақ уақыт сақталып, қатерлі ісіктің дамуына себеп болуы мүмкін.

Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Аурудың алдын алу мақсатында елімізде АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізіліп, 11–18 жас аралығындағы қыз балаларға екпені тегін алу мүмкіндігі берілген.

Дегенмен вакцинациямен бірге қоғамда АПВ туралы түрлі күмән мен мифтер де тарады. «АПВ анықталса, адам міндетті түрде қатерлі ісікке шалдыға ма?», «Вирус тек әйелдерге жұға ма?», «АПВ вакцинасы бедеулікке әкелуі мүмкін бе?»

Бұл пікірлердің қайсысы рас, қайсысы миф? АПВ несімен қауіпті және вакцина кімдерді қорғайды? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Иммунопрофилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева жауап береді.

Оқу үшін