NoFake

Алматыдағы Абай мектебіндегі шу: Министр жағдайдың қалыпты екенін мәлімдеді

Скриншот: әлеуметтік желі

Отандық БАҚ беттерінде Алматыдағы «Абай мектебінің жағдайы мүшкіл екенін, ондағы шыршалардың қурап, мектептің директорсыз отырғаны» туралы ақпарат тараған еді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Министрдің сөзінше, мән-жайды білу үшін ол арнайы Алматыға келіп, мектеп ұжымымен кездескен. Естеріңізде болса, қоғам белсенділері мектеп маңындағы ауланың қаралмай қалғанын айтып, аталған мәселе көпшілік арасында резонанс туғызған еді.

«Абай мектебіне байланысты Алматыға келдім. Абай мектебінің ұжымы, педагогикалық қоғамдастығы, түлектері, ең бастысы осы жерде 40 жылдан астам ұстаздық еткен, еңбек ардагері, беделді педагог Орынша Қарабалинамен кездестік. Сонымен бірге, жалпы, оқушы, түлектермен де кездестік», — деді ол.

Ол мектептің бүгінде қалыпты, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

«Барлық мәселелер, түлектердің ұсынысы мен сұрақтары нақты жан-жақты талқыланып, жауаптар алынды. Тағы да қайталап айтқым келеді, Абай мектебі штаттық режимде жұмыс істеп тұр», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке қыздардың боянып келуіне тыйым салуы бойынша түсіндірген еді.

Оқу үшін