Алаяқтар өз құрбаныны қалай зерттейді: сарапшы пікірі

Фото: AntiFraud Forum Kazakhstan форумы ұйымдастырушыларынан
Астанада өтіп жатқан AntiFraud Forum Kazakhstan форумында «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығының жетекшісі Денис Степанцев алаяқтар өз құрбандарын қалай анықтайтынын атап өтті, деп хабарлайды Nofake.kz.
Оның сөзінше олар алдымен адамдарды әлеуметтік желідегі парақшалары мен олардың төлем қабылеттілігін зерттейді.
«Қазір алаяқтар қалай жұмыс істейді? Бәрі электр шотын тексерейік немесе жылу желілерін қарап берейік дегеннен басталған болатын. Алаяқтар одан да тереңге барып жатыр. Олар әлеуметтік желілерді саралап, өздерінің «болашақ» құрбандарын іздейді, сөйтіп олардың төлем қабылеттіліктерін зерттейтін болады», — деді ол.
Бұл ретте, сарапшы азаматтарда кибергигиеаны дамыту қажеттігін айтты.
«Оларға 300-500 мың теңге көлеміндегі төлем қабылеттілігі бар адамдар қызық емес. Екінші деңгейлі банктер мен қаржылық институттар антифрод орталықтарды дамытқан сайын, алаяқтар да қарап отырған жоқ. Олар әр азаматтың профилін зерттейді. Сондықтан, әрдайым азаматтарға кибергигиена жайлы айтып отыру керек. Әсіресе азаматтар желі арқылы түрлі сілтемелерге өтпеуі тиіс», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін Астанада өтіп жатқан форумда ҚР Ұлттық банкі жанындағы Антифрод-орталықтың басшысы Айнұр Измайлова елімізде кең таралған алаяқтық түрлерін айтып берген еді.


