NoFake

Ғаламторда Армения премьер-министрі Никол Пашинян атынан фейк мәлімдеме тарады

Скриншот ложных публикаций/ t.me/armenpress

Әлеуметтік желілерде Армения премьер-министрі Никол Пашинян атынан жалған мәлімдемелер тарады, деп хабарлайды NoFake.kz Armenpress басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Facebook, Threads және басқа да әлеуметтік желілерде Армения премьер-министрі Никол Пашинян айтты деген мәлімдемелер тараған. Жарияланымдарда Арменияның Ресеймен қарым-қатынасы, ЕАЭО мәселесі бойынша референдум және Әзірбайжанмен арадағы қарым-қатынастағы қазіргі үдерістер туралы сөз болған.

Сондай-ақ, мұндай жазбалар «қазақша есімдері бар» аккаунттардан таралғаны айтылады.

Armenpress-тің сауалына жауап берген Армения премьер-министрі аппаратының Ақпарат және қоғаммен байланыс басқармасы Пашинянның атынан тараған мәлімдемелердің ойдан шығарылғанын және дезинформация екенін мәлімдеді.

«Бірқатар жарияланымдарда Армения премьер-министрі атынан тараған мәлімдемелер – дезинформация және ойдан шығарылған ақпарат. Премьер-министр Пашинян мұндай мәлімдемелерді ешқашан жасаған емес», – деп атап өтті ведомство.

Осылайша, әлеуметтік желілерде тараған және Никол Пашинянға тиесілі саналған Арменияның саясатына қатысты мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді.

Оқу үшін